Мекеме басшыларына! Шұғыл.

Аудандық білім бөлімі Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Т.А. Жанкенің төрағалығымен 2018 жылдың 28 сәуірінде өткен кеңестің
хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында «Цифрлық Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018 жылдың 10-30 мамыр аралығында оқушылар мен білім қызметкерлерінің цифрлық деңгейін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылатынын хабарлайды.

Аталған курс мектептердің компьютерлік сынып базасында «Ашық
үкімет», «Базалық цифрлық дағдылар», «Электрондық сауда», «Электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыптары бойынша оқытылады.

Осыған орай, жоғарыда аталған тақырыптар бойынша  ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қосымша 1 сәйкес 8-11 сынып оқушылары мен білім қызметкерлері(тех.қызметкерлерді қоса алғанда) толық курстан өтуі тиіс. Курсты информатика пәні мұғалімдері мен ақпараттық технологияларды меңгерген мұғалімдерді оқытады. 

Мектеп директорлары информатика пәні мұғалімдері мен ақпараттық технологияларды меңгерген мұғалімдердің курсты өз деңгейінде өткізуін және курстан өтетін оқушылар мен білім қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етуін сұранады.

Оқушылар мен білім қызметкерлерінің курстан өту тізімдемесі (ведомость) білім бөліміне немесе abb2005@mail.ru эл.почтаға сканерленген (қол қойылғанын) және электронды(қол қойылмаған) нұсқаларын өткізу керек. 

Қосымша: 3 файл

сауатылық

цифрлы казахстан курс.doc

Окушылар ведомость

Кызметкерлер ведомость

А.Бөкейханов орта мектебі, № 1 мектеп- лицейі, Құлан орта мектебі, Ш.Уалиханов орта мектебі, Ю.Гагарин негізгі мектебі, Т.Рысқұлов орта мектебі, М.Горький орта мектебі, Қ.Сұлтанбеков орта мектебі, Абай орта мектебі, Б.Момышұлы орта мектебінің директорларына

ХАТ

ҚОСЫМШАСЫ

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 22.05.2018 жылғы № 18- 274 хатына сәйкес Тұрар Рысқұлов ауданының құрылғанына 80 жыл мерейтойына орай алыс және жақын шетелдерде білім алып жатқан аудан мектептерінің түлектерінен арнайы құттықтаулар мен аудан жұртшылығына, білім алушыларға, жастарға өз ой- пікірлерін /онлайн бейнебаяндар, слайд-шоу, өзі оқып жатқан елдің көрнекі орындарынан бейнебаянмен сәлем жолдау т.б/ жолдауға өз тараптарыңыздар ықпал ету шараларын жүргізуді тапсырады.

ХАТ

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің 22.05.2018 жылғы № 18- 261 хатына сәйкес 2018 жылдың мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданының құрылғанына 80 жыл мерейтойына орай өткізілген іс- шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты білім және ішкі саясат бөлімдеріне 2018 жылдың 28 мамырына дейін электронды поштаға /abb_Iazzat@mail.ru; abb_ bauka @mail.ru; ovp_ryskulov@mail.ru жіберу қажет екендігін ескертеді.

ХАТ

518 беттің 1 -сі 12345...102030...Соңғы »
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайты © 2015 Бейсенов Арман Бекетович abb2005@mail.ru Frontier Theme