Месяц: Февраль 2018

Күнделік туралы!

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағалиевтің білім беру ұйымдарын цифрландыруға қатысты хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Т.Рысқұлов ауданында 40 мектептің 23 мектебінде  «Kundelik» бірыңғай ақпараттық жүйесі қосылған. Оның ішінде 15 орта мектеп, 3 негізгі мектеп және 5 бастауыш мектептер тұрақты түрде жұмыс атқарып отыр.

Дегенмен, кейбір мектептерде «Kundelik» жүйесін толтыру барысы төмен деңгейде болып отыр. Атап айтар болсақ, Максим Горький атындағы, Ақтоған, Тубсанаторий, №5 шағын орталықты, Малдыбай, Бірлес, Жамбыл атындағы, Ақыртөбе және Абай атындағы мектептердің белсенділігі төмен. Аудандық білім бөлімі пайдаланушылардың статистикалық көрсеткішін әр апта сайын сайтта жариялап отыр. Соған қарамастан, Максим Горький, Малдыбай, Тубсанаторий, Ақыртөбе мектептерінің соңғы 4 апта бойы  белсенділіктері төмен.  

         Мұғалімдердің журналды толтыру проценті  4 апта бойы, Максим Горький, Ақтоған, Малдыбай мектептерінде өте  баяу өсуде.

«Kundelik» жүйесінің уақытылы толтырылуына жауапты мектеп басшысы мен оның орынбасарлары екенің ескерте отырып, белсенділікті арттыруларыңызды сұраймыз.

«Kundelik»  жүйесінің сандық порталын әрбір мектеп бойынша белсенді пайдалану статистикалары қоса жолданады.

Кунделик туралы

Т.Рысқұлов ауд (3)

21 беттің 1 -сі 12345...1020...Соңғы »
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайты © 2015 Бейсенов Арман Бекетович abb2005@mail.ru Frontier Theme