Тәуелсіздікке — 25 жыл


  1. 1






  1. 1






9 желтоқсан

Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің базасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Сапалы білім – Қазастанның өркендеуінің кепілі» тақырыбында деңгейлік бағдарламалар бойынша білім жетілдіру курсынан өткен,  жаңа инновациялық технологиялармен нәтижелі жұмыс атқарып жүрген тәжірибелі ұстаздардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті,  деңгейлік курстан өткен  37 педагог қатысып, өз ойларын ортаға салды.  

Іс-шара барысында Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына шолу жасалып, білім беру саласындағы өзгерістердің шарттары мен алғышарттарын, білім беру саласындағы халықаралық үрдістерді, білім беру бағдарламасын құру теориясын, оқыту тəсілдерін енгізуге негіз болатын теориялық алғышарттарды талқылай отырып, дөңгелек үстел жұмысы  қорытындылады.

  • 20161209_163657
  • 20161209_150857
  • 20161209_150905
  • 20161209_151048
  • 20161209_151255
  • 20161209_152253
  • 20161209_154031
  • 20161209_155241
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8






Қазақстан    Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 10 желтоқсаны күні Абай атындағы  шағын орталықты орта мектебінің базасында «Қазақстанның болашағы- біздің қолымызда» атты озат оқушылардың аудандық форумы өтті.

Аталған шараға аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінен озат оқушылар, көшбасшылар, өнер мен спортта, пәндер бойынша ғылыми жобаларда, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық  байқаулар мен жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары жалпы саны 180 оқушы  қатысты.

Форумға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан, Қарақыстақ ауылдық округінің депутаты Оразалиева Зайтуна,  аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар» ресурстық орталығының қызметкері Әміреев Берік  қатысты.

Форум  басында «Сәлем достар! Біз жасұлан…» сәлемдесу флешмобымен басталды.

Алғы сөзді аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бижанов Қожайхан ағай сөйлеп, форумға қатысушы балаларға ақ тілегін арнады.

Ш.Уәлиханов атындағы  шағын орталықты орта мектебінің оқушысы Қамшыбек Ахмет ұстаздарға деген арнауын оқып, дарынды оқушылар сахнада күй орындап, патриоттық әндер шырқады.   

«Мен елімнің ертеңі» тақырыбында арманы асқақ, ойы ұшқыр көшбасшылар  Керімбай Фариза (Абай атындағы шағын орталықты  орта мектебінің оқушысы) , Герлайн Кристина (Ақтоған орта мектебінің оқушысы) , Өмірқұл Диана  (Т.Рысқұлов атындағы  орта мектебінің оқушысы) , Шаймерденова Жания  (№ 2 орта мектебінің оқушысы) , Айдар Жақан (Р.Смаилов атындағы  орта мектебінің оқушысы) ,  Станбек Ерсен  (А.Байтұрсынов атындағы  орта мектебінің оқушысы)  сахнаға шығып, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Утеулиева Лаззат Шакуалықызы озат оқушылар, көшбасшылар, өнер мен спортта, пәндер бойынша ғылыми жобада, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық  байқаулар мен жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын аудандық білім бөлімінің арнайы Алғыс хатымен марапаттап,  форумға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Форум соңында «Көк тудың желбірегені» әні шырқалып, барша қатысушы қонақтар мен оқушылар орындарынан тұрып, Тәуелсіздікке деген құрметін білдірді.

  • 20161209_163657
  • 20161209_150857
  • 20161209_150905
  • 20161209_151048
  • 20161209_151255
  • 20161209_152253
  • 20161209_154031
  • 20161209_155241
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8






8 желтоқсан

       2016 жылдың 8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда өтетін желілік іс-шаралар жоспарына сәйкес Подгорное шағын  орталықты  орта мектебінің базасында жас мамандар арасында  «Нұрлы болашақ жолындағы жастар!» атты пікірсайыс турнирі болып өтті.

Пікірсайыс турнирінің мақсаты мен міндеттері:

1.Егеменді еліміздің белсенді жастарының ойларын бір арнаға тоғыстыру;

2.Жастардың қоғамда өзекті мәселелерді шешудегі орнын арттыру.

Турнирдің қарарлары

  1. Бұл палата Қазақстан Республикасы  мектептерінде бес күндік оқу жүйесін енгізеді;
  2. Келешек ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі кедергі БАҚ деп есептейді;
  3. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлаудың жалпы халықтық механизмін ұсынады.

Турнирге аудан мектептерінен 27 команда қатысты.    Нәтижесінде:

Бас жүлдені  Балалар мен Жасөспірімдер орталығының «Ұшқын» тобы,                                                        

Бірінші орынды №2 орта мектебі,  Екінші орынды  Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің «Абай жастары»,                                                                                                      

Үшінші орынды иеленген  Жамбыл шағын орталықты орта мектебінің «Шабыт» тобы,  Қ.Сұлтанбеков атындағы  шағын орталықты орта  мектебінің «Намыс» тобы,  А Шынасилов атындағы  орта мектебінің «Болашақ» тобы марапатталды.

      №1мектеп-лицейі, Ю Гагарин атындағы  негізгі мектебі, Б. Момышұлы  атындағы шағын орталықты орта мектебі, А Байтұрсынов  атындағы шағын орталықты орта мектебі және Подгорное шағын орталықты  орта мектебінің жас мамандары «Алғыс хат» иеленді.

     «Үздік спикер» номинациясымен Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің мұғалімі Г.Момынтаева,  «Үздік төреші» номинациясымен Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің мұғалімі А.Қойайдаров марапатталды.

  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  • SAMSUNG CAMERA PICTURES
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9






6 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған  2016 жылдың 6 желтоқсаны күні  білім беру мекемелерінің оқушылары  арасында «Тәуелсіз Қазақстанның алып құрылыстары»  атты  аудандық сәулеттік макеттер байқауы өткізілді.

            Байқаудың мақсаты:  Оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін, тәуелсіздік белгісі Астана қаласына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, сәулет өнеріне баулу.  Байқаудың  аудандық кезеңін өткізу және облыстық кезеңіне қатысатын оқушыларды анықтау.

     Байқаудың міндеті: Жас ұрпақтың бойына туған еліне, Отанға, ел татулығына, мемлекеттің экономикалық көркеюіне бағытталған және жаhандану жағдайы туралы түсініктерін қалыптастыру; Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін арттыру арқылы танымын, көркемдік талғамын қалыптастыру; Өнердің түрлі техникасында жұмыс істеуге, сәулет өнерінің сиқырлы әлеміне баулу.

             Аталған аудандық байқауға ережеге сай 20 мектептен, 20 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша

Бас жүлде – Арыстанбекова Мөлдір  (Өнер мектебінің оқушысы),

І орын – Сейтмырза Мирас  (Болтай- батыр орта мектебінің оқушысы),

ІІ орын – Медет Батыржан  (№ 2 орта мектебінің оқушысы),  Шалқар Елнұр (Б.Момышұлы орта мектебінің оқушысы),

ІІІ орын – Қонқышев Алмаз  (Октябрь- шаруа  орта мектебінің оқушысы), Кеңесқұлов Асылбек  (Құлан  орта мектебінің оқушысы),  Қонысбай Алишер  (Р.Смайлов  орта мектебінің оқушысы) иеленіп, Шығармашыл тұлға» номинациясымен  – Жолдас Бекжан  (Ю.Гагарин негізгі мектебінің оқушысы), Жұмабаев Шыңғыс  (№ 1 мектеп- лицейінің оқушысы),  «Жас талапкер» номинациясымен  – Сәндібай Жібек  (Ақтоған орта мектебінің оқушысы), Жақсылықов Дастан  (Ш.Уалиханов орта мектебінің оқушысы),  «Жас шебер» номинациясыменҚарасай Сержан  (Қызыл-шаруа орта мектебінің оқушысы), Төребек Иса  (Қызылту орта мектебінің оқушысы) марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иеленген оқушылардың жұмыстары облыстық байқауға қатысуға жолдама алды.

  • img-20161205-wa0006
  • img-20161205-wa0007
  • img-20161205-wa0008
  • img-20161205-wa0011
  • img-20161205-wa0012
  • img-20161205-wa0013
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6






5 желтоқсан

Құлан шағын орталықты орта мектебінде тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ-ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25  жұлдызды күн ішінде іс-шаралар жоспарына сәйкес  «Өз еңбегімен ауданды танытты» тақырыбында көрме өткізілді. Оған ауданның Құрметті азаматы, ауылшаруашылығы саласыныңдағы еңбек ардагері Р.Шәділбеков пен білім саласы ардагері, Ы.Алтынсарин атындағы медаль иегері, Еңбек ері медалі иегері Ә.Д.Тәжіков шақырылып, оқушылармен кездесу өтті. Көрмені тамашалауға аудан орталығының №1 мектеп-лицейі, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Ю.Гагарин атындағы  мектептің  негізгі орта мектеп бітірушілері шақырылып, Кеңестік дәуір мен тәуелсіздік жылдары ауданның экономикалық-әлеуметтік саласының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың еңбегі мен өнегелі өмір жолдары туралы тамаша сұхбат болды. Құлан орта мектебінде орналасқан Социалистік Еңбек ері, сауыншы, бірнеше дүркін Жоғары кеңес депутаты, Еңбек Ері Алмагүл Әбдірайымованың еңбек жолы мен өміріне арналған шағын мұражай-көрме таныстырылды.

  • img-20161205-wa0021
  • bezimeni-3
  • bezimeni-2
  • bezimeni-1
  • img-20161205-wa0020
  • img-20161205-wa0020
  • img-20161205-wa0017
  • img-20161205-wa0016
  • img-20161205-wa0014
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9







Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Көгершін, Көкдөнен ауылдық аймақтарындағы А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты және Ақтоған орта мектептері  оқушыларының «АҚТОҒАН» ЖШС-і қызметкерлерімен кездесуі өтті.Кездесудің басты  мақсаты -ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің ел экономикасының артуына қосып жатқан еселі еңбегін насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Барлық білім мекемелерінде кәсіби бағдар беру, ауылшаруашылығы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен жетістіктерін, олардың аудан экономикасын өркендетуге қосқан үлесін ұғындыру.  Қоғамда жалпыұлттық Еңбек қоғамы ұғымын қалыптастыра отырып, бала бойында еңбекке деген құлшыныс пен кәсіпкерлік істерге баулу-бүгінгі күннің басты талабы. Жеке кәсіпкерлердің жұмысындағы қиындықтар мен елге пайдалы әрекеттерді көрсете отырып, бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу-әр мектептің мақсаты. Бүгінгі шарада бұл мақсат орындалғандай, мақсат-айқын, мүдде бір болғанда ғана, алынбайтын қамал, бітпейтін тірлік жоғын жас жеткіншіктер көзімен көріп, өздері кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, ондағы қайнаған еңбекпен  танысып, жүректерімен ұғына білді.

  • img_4955
  • img_4953
  • img_4950
  • img_4948
  • img_4947
  • img_4960
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6






30 қараша

1 желтоқсан- Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті  күніне  орай «Елбасы күні-елдікке құрмет» тақырыбы аясында «Қазақстанның болашағы-біздің қолымызда» атты іс-шара өткізіліп, оған аудан мектептерінен 150-ге жуық озат және шығармашыл, өнер-білім, шығармашылық іс-шаралардың жүлдегер және жеңімпаздары қатысты. Елбасының сара саясаты насихатталып, дарынды оқушыларға қолдау көрсету, ынталарын арттыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау арқылы салауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуге баса назар аударылды. ХҮІІ республикалық «Абай оқулары» байқауының бас жүлдегері Қамшыбек Ахмет пен ХХІ дүниежүзілік ментальді арифметика олимпиадасының қола жүлдегері Нағашбаев Абрам, республикалық, халықаралық ән байқаулары мен конкурстардың лауреаты Қуандық Қуаныш, Халықаралық «Арт академия» және  Халықаралық «Күншуақ» байқауларының бас жүлдегері Мұхамедәли Шыңғыс, Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би байқауының жүлдегері Сейсенбек Нұржамал  жас дарындар мен оқу озаттарына өз құттықтауларын жеткізді. Бұл іс-шараны ұйымдастыруда ауданның қосымша білім беру мекемелері белсене атсалысып, өз шәкірттерінің ең үздік өнерлерінен  озат оқушыларға  тарту жасап, жыр мен әннен мерекелік шашу шашты. Аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаты беріліп, озаттар мен шығармашыл шәкірттер зор қуанышқа бөленді.

  1. 1







2016 жылы 30 қараша  күні Көкдөнен ауылының  Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына  орай «Жаңа технология-халық игілігі үшін» тақырыбында балалар көркем шығармашылығының аудандық байқауы өтіп, оған 35 мектептен 9-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қолынан шыққан  150-ге жуық жұмыстар қойылды. Мақсаты- жас ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылықтарын дамыта отырып, оқушыларға  патриоттық тәрбие беру, қолданбалы -сәндік өнеріне қызығушылықтарын арттыру; Жұмыстар «Әуе, авто, кеме, зымыран модельдерінің үлгілерін жасау», «Болашақ энергия қуатымен қозғалатын үлгілер «ЭКСПО-2017″ , » «Сәндік-қолданбалы өнер», » Керамика, металл, ағышты мүсіндеу», » «Қағаздан және қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері» бағыттары бойынша тың туындылар көрушілер назарына ұсынылды.

  1. 1






29 қараша

2016 жылы 29 қараша күні №1 мектеп-лицейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазақстандықтар таңдауы – ядролық қарусыз әлем» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде 10-11 сынып оқушыларына арналған  шығарма байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар ядролық сынақтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін әсері, ядролық қарусыз әлемге қол жеткізу жолдары туралы көзқарастарын білдіре отырып,  жаңа ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыратын ойларын ортаға салды.

  • 20161129_115629
  • 20161129_115159
  • img_5466
  • img_5429
  • img_5464
  • img_5451
  • img_5428
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7






28 қараша

1 желтоқсан Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті күніне орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты оқушылар конференциясы болып өтті.Мақсаты-оқушыларға Елбасының қмірі мен еңбек жолын насихаттау арқылы, ұлтжанды, патриот ұландар тәрбиелеу.  Ғылыми-практикалық конференцияға аудан мектептерінң «Жас ұлан» ұйымының  көшбасшылары мен жас зерттеушілір, мектептердегі ОҒҚ мүшелері қатыстырылып, Елбасы туралы тың деректер мен өздерінің ой-тұжырымдарын ортаға салды.

  • 20161129_113600
  • 20161129_113843
  • 20161129_114304
  • 20161129_110133
  • 20161129_112759
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5






25 қараша

«Ядролық қарулануды жою туралы Қазақстанның бастамасы — адамзат тарихындағы жаңа белес» тақырыбында Малдыбай орта мектебінде  аудандық деңгейде  дөңгелек үстел өткізілді.

        Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  ұйымдастырылған  25 игі істің бірі  — «Ядролық қарулануды жою туралы Қазақстанның бастамасы — адамзат тарихындағы жаңа белес» тақырыбында аудандық дөңгелек үстелдің  мақсаты:  жас ұрпаққа патриоттық, азаматтық және құқықтық тәрбие беру, оқушыларды патриоттық және құқықтық  мәдениетін тәрбиелей отырып,  өз Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Жамалбекова  және  аудан мектептерінің тарих  пәнінің мұғалімдері, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Өмірзақова  «Ядролық қаруға жол жоқ!» тақырыбында,   «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында тарих  пәнінің мұғалімі В.Кульчикова, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Б.Қазақбаева  «Ядролық қарусыз әлем құру — Қазақстан  Республикасының сыртқы саясатындағы басты –бағыттарының бірі» тақырыбында өте құнды баяндамалар  жасады. 11  сынып оқушысы Н.Караева  «Ядролық қарусыз Қазақстан»  тақырыбында,  11 сынып оқушысы  Ф.Нұрбай «Қазақстан – жаһандық ядролық қарусыз әлем қозғалысының көшбасшысы» тақырында, 11 сынып  оқушысы  Д.Ядель   «Ядролық қарусыз әлем жөніндегі декларация » тақырыбында  баяндамалар жасады.Физика пәнінің мұғалімі Б.Қойшиева   «Елбасының адамзатты ядролық қарудан құтқару Манифесі» тақырыбында панорамалық сабақ  көрсетті.

  • 20161125_124936
  • 20161125_115355
  • 20161125_115351
  • 20161125_115019
  • 20161125_125053
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5






24 қараша

      Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінде  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Тіл – достықтың дәнекері» тақырыбында мектеп оқушыларымен жергілікті ақын, Журналистер Одағының  мүшесі, ауданның «Құрметті азаматы», жазушы  Сейсен Қожекемен және облыстық «Ақ жол» газетінің меншікті тілшісі, журналист Нұрболат Әлдибековпен кездесу өтті. Кездесуде оқушылар жергілікті ақын-жазушылардың өлеңдерін оқумен қатар, ақындарға арналған өз туындыларын, жыр  арнауларын ортаға салды. Ақын, журналист Сейсен Қожеке мен Нұрболат Әлдибеков ана тіліміздің мәртебесі мен оны құрметтеу туралы өз ойларын ортаға салып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

  • bezimeni-4
  • bezimeni-3
  • bezimeni-1
  • 20161125_115019
  • 20161125_125053
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5






23 қараша

    Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Біздің шекарамыз-сенімді қолда!»  тақырыбымен А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінде Көгершін ауылының шекара қызметкерлерімен мектеп оқушыларының  кездесуі өткізілді.

  • 20161123_121302
  • 20161123_121330
  • 20161123_113700
  • 20161123_113250_hdr
  • 20161123_111911
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5






22 қараша

Т.Рысқұлов аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінде  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.

  • 1
  • 2
  • 3
  • bezimeni-5
  • bezimeni-6
  • bezimeni-8
  • bezimeni-9
  • bezimeni-10
  • bezimeni-11
  • bezimeni-12
  1. 1
  2. 2
  3. 3
  4. 4
  5. 5
  6. 6
  7. 7
  8. 8
  9. 9
  10. 10






Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайты © 2015 Бейсенов Арман Бекетович abb2005@mail.ru Frontier Theme