Әдістемелік кабинет

Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің әдістемелік қызметті ұйымдастыру барысы және әдістемелік кабинеттің озық тәжірибелері туралы мәлімет

 

      Бүгінгі таңда білім мекемелерінің құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу — білім реформасының жүзеге асуының басты шарты.

      Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ғылыми-педагогикалық жетістіктер мен озат тәжірибелер негізінде әдістемелік қызметті жетілдіру» тақырыбында жұмыс жасады.

Негізгі идея: Жаңа формацияның (Жаңашыл, әдіскер, зерттеуші, шебер) мұғалімін қалыптастыру.

Мақсаты:     Инновациялық іс-әрекеттер арқылы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытып, кәсіби құзырлығын қалыптастыру.

Міндеті:

  1. Мұғалімдердің жаңаша жұмыс істеуіне, өз әрекетінің биігіне шығуына жағдай жасау.
  2. Мұғалімдерге жана педагогикалық технологиялар мен инновацияларды меңгеруге, өз тәжірибесіне енгізуге теориялық және практикалық көмек көрсету.
  3. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, үйрету, ендіру.
  4. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге қол жеткізу.

Жұмыс мазмұнын жаңаша құру жағдайында әдістемелік кабинеттің құрылымы, жұмыс мазмұны және жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістері жасалды.

                                        Әдістемелік кабинеттің құрылымы

Әдістемелік кеңес

  • Тәрбие орталығы
  • Ақпараттық – әдістемелік қамтамасыз ету орталығы
  • Педагогикалық инновация  орталығы
  • Қоғамдық негіздегі шығармашылық топтағы мұғалімдер
  • Сараптамалық орталық

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайты © 2015 Бейсенов Арман Бекетович abb2005@mail.ru Frontier Theme