Білім бөлімі

Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің тарихы

 Аудандық білім бөлімі- халық ағарту жүйесіндегі аудандық мекеме. Мекеме 1945 жылы құрылған. Бұл жылдары Луговой ауылы Меркі ауданына кірген.

1964 жылы Луговой ауданы болып бөлініп, білім бөлімі қайта құрылды.

Осы уақытқа дейін аудандық білім бөлімін білікті де білімді басшылар басқарып келеді.

1964-1985 жылдары білім бөлімін Жакибаев Кеңес басқарған.Екі «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет» ордендерімен және екі мәрте ҚР Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрмет грамоталарымен , «ҚР құрметті мұғалімі» төсбелгісімен және В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Жәкібаев Кеңес 1990 жылы 26 сәуірде қайтыс болды.

1970 жылға дейін білім бөлімінде 4 қызметкер жұмыс істеді.

1970 жылы аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинет ашылды. Педагогтарды әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

         1988-1992 жылдары білім бөлімін Байғабылова Машат Төреқұлқызы басқарды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1995-2003 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі аппаратында бас маман. 2003 жылдан зейнеткер, «Ерен еңбегі үшін» меделімен, ҚР Білім және ғылым министрінің, Орталық комсомол комитетінің, Қазақстан Ленин комсомолы орталық комитетінің мақтау грамоталарымен және «ҚР білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған.

1992-1994 жылдары білім бөлімін Абдукасымов Рахым Күздеубайұлы басқарды.  Ол «Каз.ССР ағарту ісінің үздігі», Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына төс белгілерімен және Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет грамотасымен марапатталған.

1994-1995 жылдары білім бөлімін Аманова Назира,  1996-1997 жылдары Өскенбаев Сейтжан Әбдуәлыұлы,  1997-2000 жылдары Мұханбаев Сатыбалды,  2000-2003 жылдары Тажиков Әмзе Даданұлы, 2003-2010 жылдары Букирова Жұмакүл Оңғарбайқызы, 2010-2013  жылдары Тотаев Сейтхан Төреханұлы басқарды.

         2003 жылғы зілзаладан кейін ауданымызда 19 мектеп мемлекет есебінен қайта соғылды.

Қазіргі кезде  Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің құрылымдық желісінде 56 білім беру мекемелері бар: оның ішінде 28 орта мектеп (18 мектеп жанында шағын орталық), 3 негізгі мектеп, 9 бастауыш мектеп,  12 балабақша,   1 саз мектебі,  1 балалар мен жасөспірімдер орталығы, 1 өнер мектебі және 1 балаларды сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Бүгінгі күні білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында білім мекемелерін басқару дәрежесін жаңарту қажеттілігі туындап отыр.

Осыған байланысты Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі „Жаңару жағдайында басқаруды жетілдіру“  проблемалық тақырыбымен жұмыс істейді.

Басты мақсаты — Қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес білім мекемелерін қалыптастыруға жағдай жасау
Бүгінгі таңда білім мекемелерінің құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер енгізу — білім рефор-масының жүзеге асуының басты шарты
      Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде ең жоғары басқару органы- алқа мәжілісі. Білім мекемелерінің қызметін, оқу-тәрбие үрдісін басқару деңгейін, іс-әрекетін бақылау, қадағалау, басқару арқылы аудандық білім бөлімі жаңа білім беру жағдайында білім мекемелерін демократиялы басқарудың өзіндік жүйесін қалыптастырды.
       Білім бөлімінде жаңашылдық іс-әрекеттерімен танылған 5 орталық жұмыс атқарады, бұл орталықтардың өзіндік мақсат-міндеттері мен жұмыс мазмұны, нақты атқаратын іс-әрекеттері анықталған.
       Білім бөлімінің арнайы сайты бар (www.abbkulan.kz)
       Жүйелі жұмыстың нәтижесінде аудандық білім бөлімінің жұмысы облыстық семинар –практикумдарды, 2008 жылы ББЖКБАРИ ұйымдастыруымен өткен республикалық семинарда аудандық білім бөлімінің жұмыс жүйесі таратылды.
      2008 жылы С.Ж.Тәуірбекованың басшылығымен білім бөлімінің жұмысы „Білім беруді дамыту жағдайында аудандық білім бөлімінің жұмыс мазмұны және оны ұйымдастыру“ атты кітап болып басылып шығып, республикаға таратылды.
      Уақыт талабына сай, заман ағымына ілесіп, инновациялық бағытта шығармашылықпен жұмыс атқарып жүрген әдіскерлер анықталды:
Баймұратова Айнұр Манатбекқызы – Республикалық «Жылдың үздік әдіскері-2012» конкурсының І орын жүлдегері
Қырықбаева Гүлмираш Қуанышбекқызы— Республикалық «Жылдың үздік әдіскері-2013» конкурсының ІІІ орын жүлдегері
Қорымбаева Қаламқас Мәкенқызы— Облыстық «Жылдың үздік әдіскері-2013» конкурсының ІІІ орын жүлдегері
Каландарова Райхан Азатқызы— Облыстық «Жылдың үздік әдіскері-2014» конкурсының Бас жүлде иегері (ағылшын тілі пәнінің әдіскері)
Әбілғазина Жанат— Облыстық «Жылдың үздік әдіскері-2014» конкурсының Бас жүлде иегері (саз мектебінің әдіскері)
Жусанбаева Гүлшат— Облыстық «Жылдың үздік әдіскері-2014» конкурсының ІІІ орын жүлдегері (мектепке дейінгі тәрбие әдіскері)
         Жүйелі жұмыстың нәтижесінде аудан педагогтары облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары атануда:
Мамбетиярова Райма Арстанбекқызы – Т.Рысқұлов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Республикалық «Үздік педагог-2013» конкурсының жеңімпазы атанып, 1 731 000 –теңге көлемінде сыйақы алды.

 

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ресми сайты © 2015 Бейсенов Арман Бекетович abb2005@mail.ru Frontier Theme